Телеарнаға телмірткендер кімдер?

Әр телеарнадағы жүргізушілердің атқарар міндеті зор, арқалаған жүгі ауыр. Эфирде айтатын сөзі, мимика, тіпті интонациясының өзі кейде маңызды рөл атқарып жатады. Сонымен қатар, олар арнаны таныстыратын келбеті болып табылады.  Көптеген бүлдіршіндер оларға қарап еліктеп, бой түзеп жатады. Ендеше, еліміздегі танымал арна тележүргізушелер кімдер?

Ләйлә Сұлтанқызы, «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Әйел бақыты» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі, «Балапан» телеарнасының басшысы.

0cdf54e60581718d20812bbc4033f9c1

Ләйлә Сұлтанқызы 1977 жылы 18 желтоқсанда дүниеге келген. 1999 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітірді. 1997-1998 жылдары «Интерньюс-Қазақстан» ҚҚ телерадиожурналистика курсын оқыған.

Еңбек жолы: 1997 жылы «Шаһар» ТРК-да тележүргізуші болып бастаған. 1999-2003 «Шаһар» ТРК продюсері, 2003-2006 жылдары «Хит ТВ» телеарнасының директоры. 2008- жылы «Қазақстан» РТРК АҚ бағдарламалар продюсері, 2008 жылдың тамызынан қазірге дейін «Kazmedia Mobile» ЖШС Бас директоры.

«Қазір бақталастық дегенде басым болып барады. Мүмкін бақталастықтың болғаны да жақсы шығар. Бір-бірінен асып түсемін деп, барын салып, бұрын-соңды болмаған тың жобаларды көгілдір экран арқылы елге көрсетіп жатады. Тек өзгенікінен асып түсемін деп, шекарадан өтіп кетпесе болғаны. Қазақы менталитетімізді сақтап, жаңаша бағыттағы бағдарламаларды шығарып жатса, неге қуанбасқа? Бір қуанатыным, ана тіліміздің абыройы асқақтап, қазақ тілінде сайрайтын бағдарламалардың қатары артып келеді. Сондай-ақ, кішкентай балғындарымызға арналған «Балапан» арнасы да іске қосылып, бүлдіршіндер үшін кермет сыйлық болды. Енді алдағы бір он жылдықта бұдан да жақсы, сапалы тележобалардың көп болатынына сенемін. Ең бастысы, жалынды жас журналистеріміз қарап жүрмей, іске араласып, өз ойларын ортаға салып ел игілігі үшін әрекет етуде. Осының өзі біз үшін мақтаныш. Көк жәшіктердің жұмысына көңілім 100 пайыз болмаса да, 75-80 пайызға толады деп айта аламын.»

zwzCI4EaXIA

facebook

instagram

 

 

 

 

Мейіржан Әлібекұлы, «Аpta.kz» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасының редактор-жүргізушісі  

4da83141e2324c74e517c760fe9bd5a8

Мейіржан Әлібекұлы 1984 жылы 1-ші тамызда дүниеге келген.

Еңбек тәжірибесі: 10 жыл.2005-2007 ж. «Қазақстан-Атырау» телеарнасында редактор- жүргізуші, 2007-2009 ж. «Қазақстан» ҰТА АСБД Алматы бюросында редактор-сараптамашы, 2009-шы жылдан бастап, «Қазақстан» ҰТА Астана дирекциясында редактор-жүргізуші, шеф-редактор.

Ал, қарапайым журналист болсам, репортаж жасасам, әдемі сюжеттер, stand-up, керемет  шұрайлы тілмен сюжеттер жасасам дейтін игі мақсаттағы журналистер өте аз, жоқтың  қасы. Көбіне маған интернеттен хат жазып, хабарласатын қыз-жігіттер: «Ағай, тележүргізуші болсам деймін», «Қалай эфирге жүргізуші  болсам болады?», деген  сұрақтар қояды. Тележүргізуші деген уақытша нәрсе, ал журналист болып қалу – үлкен  мұрат. Соның ара-жігін ажырата алмайды біздің жастар. Осы мәселе алаңдатады.

DBBn8cS1qdE facebook

instagram

 

 

 

 

Гүлмира Дайрабаева, Сенбілік және мерекелік бағдарламалар шығармашылығы бірлестігінің жетекшісі,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

55313abd155ad

Гүлмира Тынышбекқызы Дайрабаева

1972 жылы 10 қарашада Қызылорда қаласында туған. Білімі жоғары, 1990-1995 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Халықаралық қатынастар тарихы факультетін бітірген.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, редактор, жаңалықтар, жастар бағдарламаларының жүргізушісі, сонымен қатар, «Таңшолпан» бағдарламасының басты жүргізушісі. «Қазақстан» телевизиясы мен радиосының коммерциялық қызметтерінде қызмет етіп, НТК телеарнасының қазақ тіліндегі тікелей эфирлердегі редакторының орынбасары болған.«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының тележүргізушісі, журналист, «Таңшолпан», «Сенбілік таң» таңғы ойын-сауық бағдарламалары шығармашылық бірлестігінің жетекшісі.

Адамдарға олардың күткенінен көбірек беріңіз және оны жан-жүрегіңізбен жасаңыз. Естігеннің бәріне сене бермеңіз, өзіңізде бардың бәрін жұмсай бермеңіз, шаршағанша ұйықтамаңыз. Сіх жауап бергіңіз келмейтін  сауал қойылса, күле қарап: «Мұны неге білгіңіз келіп тұр?» деп сұраңыз. Үлкен махаббат пен үлкен жетістіктер тәуекелді талап етеді.

G0n5X_oF0NA

instagram

 

 

 

 

 

Дана Нұржігіт, «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Дара жол» ақпараттық-танымдық бағдарламаның продюсері, жүргізушісі.

ecd30c2a578af1ee2b486cfa8cde1443.jpg

Телевидение саласына келген соң, танымал болуың керек. Мен тек танымалдылықты мақсат тұтатын жастан өтіп кеттім. Қазір танымалдылық – мен үшін үлкен жауапкершілік. Бағана эфирдегі қателіктерді айтып кеттік қой. Соншалықты ыршып, шошып кететіндей қателік те емес сол сөздер. Дегенмен, бір сөзден жаңылсаң да, аузыңды бағып отырған халықтың алдында жауаптысың. Демек, олар сенен үлкен биіктікті, біліктілікті күтеді. Тіпті, қарапайым өмірде өзіңді ұстауың, жұртпен қалай сөйлесесің, қалай киінесің – бəрі сын. Дүкенде тұрсаң да, сырт көздің бағып тұрғанын сезіп, шалт қимылдамауға тырысасың.

 

H6CTeqOaE48

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this:
%d bloggers like this: