Өзіне өзі өртеу қайдан келген эстафета?

images

Соңғы кездері өзін өзі өртеп, ажал құшқан адамдар жайлы ақпарды жиі естіп жатамыз. Бұл қайдан келген эстафета, қайдан бізге тап болған үрдіс? Үлкен сұрақ белгісі. Жалпы әлемде жыл сайын миллиондаған адам өз-өзіне қол жұмсайды екен, соның ішінде Қазақстан алдыңғы орындардың бірінде тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстан 100 мың тұрғынға шаққанда 53 кісі өз өзіне қол салып, ажал құшады екен. Бұл көрсеткіш Орта Азия елдері бойынша Қазақстанда ең жоғары деңгейде болып тұр. 

Түрлі әлеуметтік желілер мен ақпарат көздерінің басты жаңалығы болып, халықты дүр сілкіндірген оқиға – Таразда орталық алаңда өзін өртеп жіберген еңгезердей жігіт. Бұрын соңды істі болған  Ерлан Абдуллаұлы Бектібаев Тараз қаласында «Нұр Отан» партия ғимаратының алдында өзін өртеп жіберген. Осы жан түршігерлік оқиғаның ізін суытпастан 20 жасар Көкшетаулық азамат өзін өртеп жіберген. Ол әйелімен ұрысып қалған соң үстіне бензин құйып, қызыл өртке оранған. Үш күн жансақтау бөлімінде болып, денесінің 97 пайызын күйік шалып, жан тапсырды.

Бүгінгі таңда өте салмақты мәселеге айналған осынау аты жаман «суицид» атты дертті әркім әрқалай қабылдап, өз алдына топшылайды. Бірі – заманның өзгеруі десе, екіншілері – әлеуметтік жағдайдың қиындығынан, не болмаса, денсаулықтың салдарынан деп таниды. Ал кейбіреулер тұқым қуалаушылық жолымен келеді деседі. Ойлап қарасаң, дене түршігерлік жәйт. Расында, мұндай жағдайларға адамдар түрлі себептермен барады. Мысалы:

1. Бақытсыз махаббат;
2. Қоршаған адамдармен түсініспеушілік;
3. Жұмыстағы, мектептегі проблемалар;
4. Мақсатты түрде балағаттау (өзін – өзі өртіруге дейін жеткізу);
5. Қорлау (зорлық, ұрып – соғу).;
6. Өмір мәнін жоғалту;
7. Қаржы проблемасы;
8. Денсаулық проблемалары
9. Дінге байланысты фанатизм (секталарда көп кездеседі);
10. Психикалық аурулар
11. Жеке өміріндегі сәтсіздіктер т. б. атап өтуге болады.

Қазақта өз-өзіне қол жұмсаған адамға жаназа оқылмайды екен, тіпті дінде де үкімі ауыр деседі. Толығырақ мына ссылкадан біле аласыз http://www.islam-orkeniet.kz/?p=671

Лайым аспанымыз ашық, жастарымыз парасатты, еліміз ынтымақты болсын!!!

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s