Таксидегі бақылау

СДУ-дан Сайранға дейін ұстаған таксиде назарыма түскен 5 факт.
1. Кожанный салон
2. Қазақстанның туы
3.Өңкей қазақша әндер
4. Сынық айна
5. Көліктегі жағымды иіс
Осы факттарды саралай отырып мен таксистті қазақи және де ұқыпты адам ба деп ойлап қалдым. Әрине, оны отыз минутта анықтау мүмкін емес. Алайда, таксисттің руын сұрағанда «руым-қазақ, өзім де қазақпын» деген. Соған қарағанда, рушыл адам емес-ау деймін немесе руы жоқ қазақ емес. Көліктің алдында желбіреп тұрған көк ту көзіме оттай басылғаны анық. Неге ту? Неге өзге аксессуарлар емес деп сұрағанымда. Осыдан бірнеше ай бұрын таксист ағай фейсбуктан балконына көк байрақты ілгені үшін белгілі бір азамат айыппұл төледі деген ақпарды естіп, шамданып, өз балконына да көк туды ілген екен және де көлігіме де байрағмызды желбіретіп қоюды жөн санадым дейді, тіпті қазақ туының суреті бар футболка және де спортивка алдым дейді. Алайда, таксистке балконына көк туды ілгені үшін ешкім айыппұл салмапты. Қызылорданың Қазалы деген жерінде тұрған соң оны ешкім де байқамаған шығар. Таксист бос уақытын фейсбук, инстаграм және де ақпараттық сайтарда (tengrinews, baq.kz ) өткізеді екен. Жоғардағы көк тудың шатағынан кейін қазақи дүниелерге ерекше назар аударамын деп, өзінің қазақша оюмен оюланған Мұқажанның (инстаграмдағы: Mukajankz) әмианын көрсетіп қойды. Сол оқиғадан кейін қазақ әндерін тыңдап бастадыңыз ба дегенім де, Қызылордада 80 пайыз қазақтар, сол үшін қазақша сөйлеймін, қазақша әндер тыңдаймын дейді. Алматыға таксист болу үшін емес , жеке кәсібімді ашу үшін келдім және де кәсібімді аштым дейді. Білмеймін қаншалықты рас екенін. Алайда, Mercedes benz-пен таксист болу »ЖАЛКО” . Қазір интернетті қолданбайтын адам жоқ, ақпаратты интернет арқылы білу ыңғайлырақ дегенміде, таксист менімен қосылды. Бірақ, интернет уақыттың бәрін алады деп кесіп айтты. Онда не үшін қолданады дейсіз бе, жәй оған қызық екен. «Балаларым, әйелім сотканың ішіне кіріп кетейін деп, күні-түні интернетте отырады. Сондай кезде, Wi-fiды өшіріп тастаймында, қолдарынан телефондарын тартып аламын» дейді.

A cab at high speed on a motorway in an urban area with the lit taxi sign on top of its roof

Advertisements

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s